![Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам жасады](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/25/1621916086169.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой эпидемиологиялық ахуалға қатысты болжамымен бөлісті.
«Пессимистік сценарий бойынша вакциналау тиімділігі кем дегенде 60%-ды құраса, маусым-қыркүйек айында вирус жұқтырғандар саны 95 мыңға жуықтайды.
Реалистік сценарий бойынша вакциналау тиімділігі 80%-дан кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді.
Оптимистік сценарийде вакциналау тиімділігі кем дегенде 95%-ды құраса, науқастар саны маусым-қыркүйекте 61 мыңға жуықтайды», - деді министр Үкімет отырысында.
Алейсей Цой сценарийлердің орындалуы азаматтардың вакциналау мәселесіндегі белсенділігіне тікелей байланысты екенін айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Цой коронавирусқа қатысты жаңа болжам жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141166/)