Қарағанды облысында Ashyq жобасына қатысатын әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандардың қызметін шектеу талаптары өзгерді. Банкет залдары таңертеңгі 7.00-ден түнгі 02.00-ге дейін, орынның 50% ғана қамтып жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Мейрамханалар мен дәмханаларға да осы талап бірдей. Сондай-ақ, бильярд, компьютерлік, боулинг клубтар да күндізгі 12-ден түнгі 2-ге дейін жұмыс істейді. Оларда іштегі орынның 30 проценті ғана қамтылуы тиіс.
Айгүл Шатекова, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми өкілі:
Адамдар жаппай қатысатын той, астарға әлі де тыйым салынған. Көрермендермен спорттық іс-шаралар іштегі орын 20 процент толған кезде ғана өткізіледі.
Ал Атырауда базарлар санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, кешкі 7-ге дейін, сауда ойын-сауық орындары 22.00 ге дейін ашық. Демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат жоқ.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәсіпкерлік нысандарға шектеулер жеңілдеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141172/)