Алматы облысында көпқабатты тұрғын үйдің төбесінде ойнап жүрген жасөспірім құлап кетіп, көз жұмды. Қайғылы оқиға кеше кешкілік болған.
Көршілердің айтуынша, 3 бала «Нұрия» тұрғын үй кешенінің төбесінде ойнап жүрген. 9 қабатты екі үйдің ортасы қуыс болған. 11 жастағы бала байқаусызда сол қуысқа құлап кеткен. Алған жарақаттарынан бала сол жерде қаза тапқан.
Азамат Жұртбаев, Алматы облысы ТЖД ресми өкілі:
2009 жылы туған бала үлкендердің қарауынсыз қалып, 9 қабатты тұрғын үйдің төбесінде балалармен ойнап жүріп, абайсызда екі қабырғаның ортасына құлап кетті. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында жасөспірім 9 қабатты үйдің шатырынан құлап мерт болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141177/)