Қазақстанда 287 мыңнан аса азамат зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін мерзімінен бұрын алды. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін салымшылардың шотына қор 1 трлн 3 млрд теңге аударған. Біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы 4,7 млн теңге. Ақшасын көбіне Маңғыстау облысы, Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары пайдаланды. Ал белгіленген мерзімде қаржыны жұмсамаған адамдардың 132 млрд теңгесі зейнетақы қорына қайтарылды. Емделу үшін 5200-ден аса адамға 5 млрд теңге берілді. Ал инвестициялық басқарушы компанияларға 1400-ден аса салымшының 3 млрд теңгеден аса ақшасы аударылды.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=287 мыңнан аса азамат зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін мерзімінен бұрын алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141212/)