![Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 32 адам көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/2021/5/26/1622000468744.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 32 адам көз жұмды. 1739 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Жалпы ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 378 мыңнан асты.
COVID-19 статистикасы:
- 1739 адам жұқтырды;
- 2810 адам жазылып шықты;
- 28 адам қайтыс болды.
Өткен тәулікте 121 адам COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққан.
COVID-19 белгілері бар пневмония статистикасы:
- 121 адам пневмонияға шалдыққан;
- 40 адам емделіп шықты;
- 4 адам қайтыс болды.
Қазіргі уақытта 31 232 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Індет жұқтырғандар арасында:
• 668 адамның жағдайы ауыр,
• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 107 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Бүгінде ел бойынша КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны 2 035 781-ге жетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 32 адам көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141222/)