Батыс Қазақстанда соңғы қоңырау күні мектеп түлегі суға батып кетті. Қайғылы оқиға кешкісін Қаратөбе ауданы Үшана ауылы маңында болған. 17 жастағы ер бала Қалдығайты өзеніне/ суға түсуге достарымен бірге барған. Қарақамыс ауылынан атасының үйіне қыдырып келген беті екен. Марқұмның денесін ауыл тұрғындары судан алып шықты. Қазір оқиғаға орай тергеу амалдары басталды.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да соңғы қоңырау күні мектеп түлегі суға батып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141226/)