Цифрлық майнингке салық салу шетелдік инвесторларды азайтады. Осылай деген сала өкілдері майнингтік ферма мен дата-орталықтарды міндетті төлемнен босатуды сұрайды. Егер 1 киловатт-сағат электр энергиясы үшін 1 теңге қосымша салық енгізілсе, майнерлер бюджетке 4 млрд теңгеден аса қаражат салады. Алайда мамандар мұны шетелдік инвестор үшін тиімсіз деп отыр. Айтуынша, қосымша салық енгізілсе, кірісін жасырып, көлеңкелі бизнеске кететін компания көбейеді.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мамандар майнингтік фермаларды салықтан босатуды сұрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141266/)