Азаматтар шетелдегі 5 мыңға жуық жылжымайтын мүлкін декларациялады. Кірістер комитетінің мәліметінше, өткен жылдарға қарағанда тіркелген мүліктің саны 12,5%-ке азайған. Тұрғындар жылжымайтын мүлікті Ресейден көбірек сатып алған – 3500 нысан. Түркия мен Испаниядан мүлік алған Қазақстан азаматтары да аз емес. 400-ден асады. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінде 69 жылжымайтын мүлік қазақстандықтарға тиесілі.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азаматтар шетелдегі 5 мыңға жуық жылжымайтын мүлкін декларациялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141316/)