Елде бірқатар жанар-жағармай бекеті бензинді негізсіз қымбаттатып жіберген. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі биыл АИ-92 бензині бағаның орташа есеппен 12-13%-ға өсуіне байланысты нарыққа талдау жүргізген. Нәтижесінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай мен КТМ Солтүстік Қазақстандағы жанармай құю бекеттерінің бағаны бірлесіп, көтергені анықталды. Оларға 14 ескерту хабарламасы жіберілді. Заңға сәйкес, 1 айда бағаны реттеп, талапты орындауға міндетті. Қазір АИ-92 бензині елде 170-175 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жанар-жағармай бекеттері бензинді негізсіз қымбаттатқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141326/)