Қарағанды маңында 17 жастағы жеткіншек тоған суына батып кетті. Құтқарушылар оның денесін екі сағаттан кейін тауып, судан шығарды.
Суға түсу маусымы әлі басталмағанына қарамастан жұрттың көбі жағалауда жүр. Әсіресе, ата-ананың қарауынсыз жүрген балалар көп. Құтқарушылардың айтуынша, көпшілік судағы қауіпсіздік ережесін сақтамайды, ал арнайы жабдықталмаған жерлерде шомылатындарға бас-көз болу мүмкін емес. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаған жағдайда ғана қайғылы жағдайлардың алдын аламыз дейді мамандар
Бақтияр Мәрлен, ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:
Суға рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыз, мас күйде суға түспеңіз. Қауіпті аймақтарда сүңгімеңіз, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыз.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда 17 жастағы жеткіншек тоған суына батып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141344/)