Премьер-Министр Асқар Мамин ТМД үкімет басшылары кеңесінің жиынына қатысу үшін Минскге жұмыс сапарымен барды. Беларусь Премьері Роман Головченкомен келіссөз жүргізді. Сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика және агроөнеркәсіп салаларында екіжақты ынтымақтастықты арттыру жайын талқылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да интеграциялық бірлестіктер аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. Биылғы үш айда екіжақты тауар айналымы 175 млн доллардан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12 пайызға жоғары.
Ламбриан Топузидис
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан-Беларусь арасындағы тауар айналымы 175,6 млн долларды құрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141351/)