Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Халал даму сертификатын алған өнімдердің жәрмеңкесі өтті.
Бүгінде басқарманың рұқсатын 700-ден астам компания иемдеген. Алайда, карантин талаптарына байланысты шараға оңтүстік өңірдегі сүт, ет, шұжық, балық және тағы басқа өнімдерді өндіретін 20-дан астам кәсіпорын қатысты. Алматылықтар аталған тауарларды нарықтан төмен бағада алуына мүмкіндік бар. Сонымен қатар, жәрмеңке барысында Бас мүфти ең үздік кәсіпорындарды марапаттады. Мамандардың сөзінше, бұл бастама халықаралық халал ЭКСПО-сына дайындық ретінде өтуде.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Әрбір қала орталықтарында осындай жәрмеңке ұйымдастырылып, кейін халықаралық деңгейде мұндай жәрмеңкені ұйымдастырып, біздің Қазақстанның отандық кәсіп халал орындарын халықаралық деңгейде насихаттау жоспарлануда.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда адал өнімдер жәрмеңкесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141367/)