Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтады. Өзінің твиттер парақшасында Президент:
«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі», - деп жазды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тоқаев: Жас буынның балалық шағы бақытты өтуіне жағдай жасау – стратегиялық міндет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141471/)