«Qazaqstan» телерадиокорпорациясы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Айналайын» қайырымдылық телерадиомарафонын өткізіп жатыр. Жобаның мақсаты - денсаулығына байланысты көмекке мұқтаж балаларға көмек көрсету. Ұлттық арна көрермендері экранда көрсетілген есепшотқа қаржы аударып, науқас балалардың еміне қолдау көрсете алады.
Жәрдемге мұқтаж балғындар арасында нефробластома дертімен күресіп келе жатқан 6 жасар елордалық Альарназ Әбдікәрім, Түркияда лейкоздан ем алып жатқан 4 жасар Жезқазғандық Батыр Абин бар. Микротия және атрезия диагнозы қойылған алматылық 5 жасар сәби Әлима Жаңабай, эпилепсия, гипоплазия дертіне шалдыққан 5 жасар Атырау тұрғыны Әмір Бадаков та көмек алады.
Түскі 12.00-де басталған шара бүгін кешке дейін жалғасады.
Раушан Сайлауқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazaqstan» арнасында «Айналайын» қайырымдылық телемарафоны өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141472/)