Елде еттің өндірісі азайып, бағасы 6,4%-ға өсті. Әсіресе қойдың еті 14 пайызға қымбаттады. Energyprom-ның мәліметінше, биыл небары 22 мың тонна ет өндірілген. Құс етінің өндірісі 1,3%-ке қысқарып, шамалы қымбаттады. Статистика бюросының дерегіне сүйенсек, қазір нарықта қой еті орташа есеппен 2150 теңгеден саудаланады. Сиыр еті – 2100, ал жылқы етінің құны 2300 теңгеден асады. Бағаның шарықтағанына қарамастан, былтыр жылқы етін сатып алатындар 21,2% көбейген. Жан басына шаққанда орта есеппен 6 келіге дейін алған.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қойдың еті 14 пайызға қымбаттады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141515/)