Мемлекеттік басқару жүйесінде өкілеттіктер өзара бөлінетін болды. Бүгін мәжілісмендер тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат шеңберінде 94 функция қайта бөлінеді. Дәлірек айтқанда, Үкіметтен министрліктерге 89 өкілеттік, жергілікті атқарушы органдарға 5 функция беріледі. Сонымен қатар, 4 орган қосымша өкілеттіктерге ие болады. Заң жобасы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырып, әкімшілік реформаларды жалғастыруға ықпал етеді.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік басқару жүйесінде өкілеттіктер қайта бөлінеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141529/)