Алматыда банктерден ақша ұрлаған Қарбанақ/Кобальт трансұлттық киберқылмыс ұйымының екі өкілі 8 жылға сотталды. Қалалық прокуратура анықтағандай, сотталғандар 2016-2017 жылдар аралығында ақпараттық жүйелерді бұзу арқылы қазақстандық екі банктен 2 миллиардтан астам қаржы ұрлаған. Бұдан бөлек, тағы 8 миллиард теңгені жымқырмақ болған. Аталған қылмыстық ұйым әлемнің 40 еліндегі 100-ден астам банкті тонап, 1 миллиард АҚШ доллары көлемінде шығын келтірген. Қазір топтың өзге де мүшелері анықталып, оларға іздеу жарияланған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Банктерден 2 миллиард теңге ұрлағандар 8 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141566/)