Қаржы пирамидасын жарнамалаған азаматтарға жазаны күшейтіп, қылмыстық жауапкершілікке тарту керек. Осындай ұсыныс айтқан депутаттар үш жылда 10 мыңдаған адамның зардап шеккенін жеткізді. Тұрғындар инвестициялық пирамидаларға 8 млрд 545 миллион теңге салып, шағынға батқан. Былтырдан бері қаржылық ұйым құрған алаяқтар 280-нен аса заңсыз әрекетке барған. Қазір пирамидаға жарнама жасағандардың әрекеті тек әкімшілік айыппұлмен шектеледі. Енді оларға жазаны күшейту үшін Бас прокуратура негізінде жұмыс тобын құруды ұсынып отыр.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаржы пирамидасын жарнамалағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141568/)