Шахматтан Гибралтарда өтіп жатқан Гран-при жарысында жеңімпаз атанған Жансая Әбдімәлікті Мемлекет басшысы құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жазды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің зор мақтаныш екенін айтып, Жансаяның жетістігі елімізде шахматтың дамуына серпін берері сөзсіз,-деді.
Ал, 21 жастағы шахматшы осы жеңістің арқасында ерлер арасындағы гроссмейстер атағына да қол жеткізді. Осылайша, ол әйелдер мен ерлер арасында халықаралық гроссмейстер атанған Орталық Азияның алғашқы өкілі атанды.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жансая Әбдімәлік Гибралтарда өтіп жатқан гран-при жарысын жеңді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141573/)