Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев Қызылорда облысында тікұшақ апатына қатысты пікір білдірді.
«Экипаж барлық қажетті шараны қабылдады. Техниканың өзіндік ерекшелігі бар, яғни авиация - ол ең қиын көліктің түрі. Сондықтан, экипажға байланысты емес осындай қайғылы оқиғалар болады, ал тікұшақ ұшуға жарамды болған»,-деді сенатор.
Талғат Мұсабаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
МИ-8 тікұшағы әуеге көтерілген кезде ауа райы қолайсыз, қараңғы болған. Мұндай жағдайда ұшудың қалай екенін жақсы білемін. Экипаж қолынан келгеннің бәрін жасады.
Техниканың аты техника, авиация - көліктің ең күрделі түрі, кейде осындай ауыр салдары болады және жағдай үнемі экипаж мүшелеріне байланысты бола бермейді. Ал құлаған МИ-8 тікұшағы жаңа, ұшу талаптарына сай болған.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=МИ-8 тікұшағы ұшуға жарамды болған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14162/)