Сан-Марино Республикасы вакциналық туризмнің орталығына айналып отыр. Италияның қоршауында жатқан елге еуропалықтар салықтан қашып немесе марка жинау үшін баратын. КСМ: Қазір аймақ елдерінің тұрғындары мен әлем саяхатшылары Ресейдің Sputnik V екпесін алу үшін осы шағын мемлекетке ағылып жатыр. Туристер вакцинаның екі дозасы үшін 50 еуро төлеп қана қоймай, отельдерге де ақша қалдырады.
Сан-Мариноның 35 мың халқының 25 мыңдайы вакцина алды. Сондықтан, жергілікті госпитальдерде «ковидке» шалдыққан бірде-бір пациент қалмаған.
Ал, Венгрия Sputnik V-ді өзі өндіру үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр. Мұны осы елдің сыртқы істер министрлігі хабарлады. Айта кетсек, Венгрия – Еуропа одағында қытайлық және ресейлік екпелерді қолданып жатқан жалғыз ғана ел.
АҚШ 25 миллион доза вакцинаны әлеммен бөлісу жоспарын жариялады. Олар Латын Америкасы мен Кариб елдеріне, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияға, Африкаға, Канада мен Оңтүстік Кореяға жіберілуі керек, Дегенмен, президент Джо Байден әкімшілігі осы айда әлемге 80 миллион вакцина таратуға уәде беріп отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италиядағы анклав вакциналық туризм орталығына айналды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141641/)