Шымкент қаласына «Спутник V» вакцинасы І компонентінің 33 мыңнан астам дозасы әкелінді. Препарат шаһарда жасақталған 40 егу пунктіне таратылып берілді. Жалпы осы кезге дейін мегаполиске «Спутник-V» вакцинасының 300 мыңға тарта вакцина жеткізілген. Сондай-ақ «QazCovid-In» вакцинасының 8 мың дозасы және «Hayat-Vax» вакцинасының 30 мың дозасы келген. Бүгінде Шымкентте екпе алу тиіс азаматтардың үштен бірі вирусқа қарсы вакцина қабылдап үлгерген.
Лаура Нақыпқызы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
Жалпы Шымкент қаласындағы тұрғындардың салынуы тиіс азаматтардың ішінен бұл 178 мың адамға салынды дейміз ғой. Бұл 33 пайзыдан астам адамды құрап отыр.
Ғани Қалмаханов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкент қаласына «Спутник V» вакцинасының 33 мың дозасы әкелінді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141652/)