Атасу станциясын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атасу станциясын су басты

28.03.2019

Қарағанды облысының Атасу станциясындағы тұрғын үйлерді су басты. Елді мекен маңындағы Сарысу мен Манақа өзендері сай-саладан жиналған қар суының кесірінен арнасынан асты. Тұрғындардың былтыр өз қолдарымен жасаған бөгетін де бұзып кетті. Тасыған су елді мекендегі шеткі үйлерге кірген.

Айта кету керек, баспаналардың көбі ескі саман кірпіштен салынғандықтан суға ұзақ уақыт шыдамайды. Сондай-ақ, Төтенше жағдай қызметі мен жергілікті билік және тұрғындардың күшімен уақытша бөгеттер салынып, құм толтырылған қапшықтар қойылды. Бүгін таңертең су деңгейі 10-15 см. төмендеген.

Ибрагим Күлшімбаев, ТЖД басшысы:

Мұның барлығы бақылауда. Облыс әкімшілігі, біздің төтенше жағдай департаментінің бақылауында. Су тасқыны әлі біткен жоқ. Жұмыстар жүріп жатыр. Үлкен өзендер енді ғана ашылып шығатын жағынан су келіп жатыр.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу