Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Армения Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Тараптар екі елдің ынтымақтастығы мәселелерін талқылап, өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екенін атап өтті. Қазақстан Армениямен келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде жүзеге асырылуына қажетті заңнамалық қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулин саяси жүйені реформалау, азаматтық қоғамды дамыту және президент бастамасы бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы айтты. Армен Саркисян Қазақстан Орталық Азияда, сондай-ақ жалпы өңірде болып жатқан барлық үдерістердің белсенді қатысушысы екенін атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан мен Арменияның әріптестігі артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141682/)