Алматыда аялдамада тұрған үш адамды көлік қағып кетті. Көлік тізгінінде болған азаматтың ішімдік ішіп, есірткі қолданғаны белгілі болды. Түрлі жарақат алған жәбірленушілердің екеуі облыстық стационарға жеткізілсе, біреуі №7 қалалық клиникалық ауруханада жатыр. Оның иығы сынып, жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Дәрігерлер зардап шегушінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатқанын айтады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 2-бөлімі бойынша тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда аялдамада тұрған үш адамды көлік қағып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141724/)