Елімізде көлікті мас күйінде жүргізетіндерге жауапкершілік күшейтілді. Тиісті заң биыл қаңтар айында күшіне енген. Бұл туралы ІІМ-де өткен арнайы брифингте айтылды.
Жүргізу құқығынан айырыла тұрып, мас күйінде көлік басқарғандар енді 5 жылға дейін сотталады. Жол-көлік оқиғасы кезінде адам денсаулығына зиян келтіргендер 8 жыл, адам өлімі тіркелсе 10 жылға дейін жаза арқалайды. Бұл жағдайларда азамат көлік басқару құқұғынан өмір бақи айырылады. Сондай-ақ, ішімдік ішіп рөлге отырғандар жүргізу құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулікке қамалады.
Айта кетейік, жыл басынан бері елімізде мас жүргізушілердің кесірінен 149 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 31 адам қайтыс болды. 8,5 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Көлікті мас күйінде басқарғандарға жауапкершілік қатаңдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141731/)