Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар оқшаулау талабын бұзса айыппұл арқалайды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жаңа санитарлық ережелер бекітілгенін хабарлады. Карантиндік тәртіпті сақтамаған адамға 88 мың теңгеге жуық әкімшілік айыппұл салынады. Ал, оқшаулау режимін бұзғандар Ashyq ақпараттық платформасы арқылы анықталады.
Нысаналы Ығыл
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оқшаулау талабын бұзғандарға айыппұл салынады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141738/)