Мәскеуде қазақстандық студент Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс бойынша үкім шықты. Алқабилер соты басты күдікті Муртузали Меджидовты кінәсіз деп тапты. Осылайша Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы ақталып, сот залынан босатылды.
Еске салайық, 2018 жылдың 13 сәуірінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының 4-курс студенті Томирис Байсафа жұмбақ жағдайда оқу орнының төртінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Бірнеше операция жасалғанымен, есін жимастан сол жылдың 3 мамырында қайтыс болды. Томиристің туыстары оның өзіне-өзі қол салғанына сенбейді. Өйткені тергеу барысында тап сол сәтте дәрісханада оның курстасы Муртузали Меджидовтың да болғаны анықталды.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мәскеуде алқабилер соты Томирис Байсафаның өліміне күдіктіні ақтап шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141773/)