Жамбыл облысында жетпіске келген қарияның 15 бас жылқысын қолды қылған қарақшылар ұсталды. Барымтаға барғандар ізін суытпай анықталып, қамауға алынды. Олар - Жамбыл және Алматы облысының үш тұрғыны. Полицейлердің мәліметінше, ұрылар зейнеткерді 9 млн теңге шығынға ұшырата жаздады. Абырой болғанда, жоғалған жылқылар Алматы облысы аумағынан табылып, иесіне қайтарылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Нұржан Қалметов, Жамбыл облысы Полиция департаменті басшысының орынбасары:
Үш күдікті анықталып, ұсталды.Олар 29 және 28 жастағы екі ер адам Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындары Олар өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жамбыл облысында зейнеткердің 15 жылқысын айдап кеткен ұрылар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141826/)