Елде жанар-жағармай бағасы тағы өсті. АИ-92 маркалы бензин өткен айда 1,6%, бір жылда 12,8%-ға қымбаттап, литрі 171 теңгеден асты. АИ-95/96 жанармайы 11 пайызға қымбаттап, 192 теңгеден сатылып жатыр. Өткен айларда ғана жанармай құю бекеттерінде 187 теңгеден саудаланған еді. Ал АИ-98 маркалы бензиннің құны бір айда 1,3%-ке өсіп, 209 теңгеден асты. Бұған дейін сарапшылар жанар-жағармай бағасының көтерілуіне ЕАЭО-тың ортақ нарық құру идеясы себеп деген. Алайда мұнайды өңдеуге инвестиция артса, бензиннің өзіндік құны көтерілмейді, дейді мамандар.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде жанар-жағармай бағасы тағы өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141868/)