Ұлыбритания «Үлкен жетілік» елдері лидерлерінің саммитіне дайындалып жатыр. Жұма күші ашылатын форум қарсаңында қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілді.
Саммит Англияның оңтүстік-батысындағы Корнуолл қаласында өтеді. Сондықтан, мұндағы 6 жарым мыңдай полицияға көмекке тағы 5 мыңдай тәртіп сақшысы жіберілді.
Кездесуге АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Италия, Франция, Германия басшылары қатысады. Олар ғаламдық пандемиямен күрес және климаттың жылынуы тәрізді өзекті халықаралық мәселелерді талқыламақ.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=G7 саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141903/)