Атырау қаласында індетке шалдыққандар күрт көбейді. 3 тәуліктің ішінде 120-ға жуық тұрғын инфекцияның ілмегіне ілікті. Бүгін анықталған 63 адамның 44-і шаһардан тіркелді. Олардың 41-інде ауру симптомды түрде өтуде. Қазір облыстағы емдеу мекемелерінде 360-тан астам науқас жатыр. Соңғы кезде екпеге сұраныс артқан. Мәселен өткен бір тәуліктің өзінде 1200-ге жуық тұрғын вакцина алды. Өңірде 31 стационарлық және 10 жылжымалы екпе пункті жұмыс істеп тұр.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда індетке шалдыққандар күрт көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/141956/)