Футболдан Еуропа чемпионаты жалғасып жатыр. Кеше Чехия құрамасы турнирді жеңіспен бастады. Глазгода Шотландиямен кездескен олар 0:2 есебімен басым түсті. Чех шабуылшысы Патрик Шик қарсыластың қақпасына алғашқы голды алаңның ортасынан соқты. 52-минутта тағы бір гол салып, құраманы алға шығарды. Ал Польша – Словакия арасындағы матчта поляктар 1:2 есебімен есе жіберді. Екінші таймда Гжегож Крыховяк қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Е тобының келесі матчы Севилья қаласында өтті. Испания мен Швеция құрамалары 0:0 есебімен тең тарқады. Енді келесі турда Испания Польшамен, ал Словакия Швециямен кездеседі.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Словакия мен Чехия жеңіске жетіп, Испания мен Швеция тең түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142085/)