Ұлыбританияда локдаун ұзартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда локдаун ұзартылды

15.06.2021

Ұлыбританияда 21 маусымға жоспарланған карантиндік жеңілдіктер 1 айға шегерілді.

«Дельта» деген жаңа атаумен танылған вирустың үндістандық штамын жұқтырғандар саны бұл елде артып келеді. Осыған байланысты үкімет шектеулерді шілденің 19 ына дейін созды. Осы уақыт аралығында 10 миллионға жуық тұрғын екпе қабылдап үлгереді деген болжам бар. Биліктегілер қос компонентті салдырғандар үшін індеттің жаңа штамын жұқтыру қаупі төмен екенін ескертті.

Борис Джонсон, Ұлыбритания премьер-министрі: 
Науқастар саны аптасына шамамен 64 процентке өскенін, ал қатты зардап шеккен аймақтарда апта сайын екі еселеніп жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан локдаун 19 шілдеге дейін ұзартылады. Егер екі аптадан кейін жағдай түзелсе, шектеулерді толық алып тастаймыз.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу