![Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, экипаж мүшелері көз жұмды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_127241.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағанды аэродромында шағын авиация санатындағы ұшақ апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мәлім етті.
«Бүгін сағат 16:25 кезінде оқу-жаттығу шараларын орындау кезінде қонуға бағыт алған FK14 «Полярис» типті жеңіл авиация ұшағы апатқа ұшырады. Апат Балапан әуеайлағында (Қарағанды) орын алды. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 2 адамнан тұратын экипаж қаза болды», - делінген хабарламада.
Аталған авиациялық апат бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тергеу бойынша басқарамасы тексеру шараларын бастап кетті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, экипаж мүшелері көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14210/)