Ақмола облысында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соғылып, 8 адам түрлі дене жарақатын алды. Жол апаты Ақсу-Бестөбе-Изобильное тас жолының 37-інші шақырымында болған. Ауди маркалы машинаны тізгіндеген 43 жасар жүргізуші қарсы бетке шығып кетіп, автобусты соққан. Қоғамдық көлікте 25 жолаушы болған. 2 жүргізуші мен 6 жолаушы зардап шекті. 4-уі ауруханада жатыр.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында жол апатынан 8 адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142102/)