Маңғыстау облысында мал қуаңшылықтан картон қағазын жейді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.Әлеуметтік желіде тараған мына бейнежазбада шөптің жоқтығынан төрт түліктің қағаз жейтіні айтылған. Бірақ, мұны мамандар жоққа шығарды. Өйткені, аймақта жем-шөп тапшылығы жоқ. Бюджет қаршысына алынған мал азығы да жақын күндері жеткізіледі.
Ғылым Бөлекбаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің маманы:
Бүгінгі таңда қолда 208 тонна түк шөбі, 38 тонна рулон шөбі, 40 тонна жоңышқа, 2803 тонна жем осылар бізде қолда тұр. Мал аш, ешқандай жем-шөп жоқ деу ақылға қонымсыз жағдай.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда жем-шөп тапшылығы жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142125/)