Қызылорда облысында таеквондодан өткен турнирде спорт сүйер қауым қызықты оқиға куә болды. Жарыстың ақтық бәсекесіне шыққан қыздар бір- бірімен төбелесуден бас тартып, жеңімпазды өздерінше анықтамақ болды.
Қармақшы ауданында өткен республикалық додада қарсылас шақ келтірмей, финалға шыққан Алматы облысының спортшылары апалы-сіңілі егіздер болып шықты. Бас жүлде үшін текетіресте бір үйдің қыздары жұдырық түйістіргісі келмегенімен, ережеге сәйкес бас төреші оларға ескерту жасап, ақыр соңында егіздерге жекпе-жекке шығуға тура келді.
Әділбек Серікұлы