Алматыда жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйден өрт шықты. Оқиғаның видеосын куәгерлер әлеуметтік желіде бөлісті. Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, өрт солтүстік айналма жол бойындағы тұрғын үй кешенінде салынып жатқан 9 қабатты үйдің бірінші қабатынан шыққан. Мамандардың айтуынша, пластик құбырлар жанып, қызыл жалын 8 шаршы метр аумақты шарпыған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктер оқиға орнына жеткенше, өрт сөндірілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142263/)