Қызылордада 18 маусым күні жоғалып кеткен 13 жасар қыз өлі табылды. Іздестіру тобы жасөспірімнің мүрдесін Шіркейлі каналынан шығарып алды.
300-ге жуық адам екі күн бойы жер-жерді тінтіп шыққан. Нәтиже болмаған соң, үйіне жақын маңдағы су айдынынан іздестіріліп, каналдың бойынан табылды. Кәмелет жасқа толмаған қыздың денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды дейді полицейлер. Бірақ, сот-медициналық сараптама тағайындалып, қайғылы оқиғаға қатысты тергеу әрекеттері басталды.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада жоғалып кеткен 13 жасар қыз өлі табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142350/)