Алматыда субұрқақтан тоқ соққан бір қыз бала мен әйел адам жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл жағдайға қатысты шаһар басшысы да пікір білдіріп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Сондай-ақ, ол мұндай жағдай қайталанбауы тиіс екенін ескертіп, тергеу басталғанын айтты. Ал жауаптылардың мәліметінше, мамандар субұрқақты сол күні әдеттегідей тексерген және ешқандай ақау байқамаған. Сондай-ақ, фонтан маңында суға жақындауға болмайтыны туралы ескерту тақтайшасы орнатылған.
Естеріңізге салайық, өткен сенбі күні Алматы циркі маңындағы субұрқақта ойнап жүрген балаларды/ әп сәтте тоқ соғып, оларды құтқармақ болған әйел адам да зардап шеккен. Дегенмен, сол маңда жүрген тұрғындардың бірі өзіне қауіп төніп тұрса да, алғашқы көмек көрсеткен. Зардап шеккендер дереу аурухунаға жеткізілген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда субұрқақтан тоқ соққандар жансақтау бөлімінде жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142362/)