Елордада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 1 аптада 40 пайызға артқан. Бірақ, кейбір кәсіп нысандары сонда да шектеу шараларын елемей отыр. Мониторингтік топтар кеше осындай 10-ға жуық мекемені анықтады. Олардың көбінде 100 адамға арналған тойлар өтіп жатқан. Естеріңізге салайық, Нұр-Сұлтан әлі де «қызыл» аймақта. Сондықтан, тұрғындар мен қонақтарға санитарлық нормаларды сақтау маңызды.
Амангелді Сейітхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада карантинге қарамай той өткізген 10-ға жуық мекеме анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142402/)