Алматы қаласы қайтадан «сары» аймаққа өтті. Соңғы тәулікте мегаполисте 110 адамнан коронавирус анықталды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың басым бөлігінде ауру белгілері бар. Инфекциялық стационарлардағы 600-ге жуық науқастың 55-і жансақтау бөлімінде жатыр. Ал вакцина бойынша қала тұрғындары соңғы күндері белсенділік танытуда.
Өткен тәулікте 5 мыңнан астам адам екпе алды. Осылайша қала бойынша вакциналанғандар саны 380 мыңнан асты. Екпе дозалары жеткілікті дейді мамандар.
Нұрхан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы қайтадан «сары» аймаққа өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142403/)