АҚШ-тың Чикаго қаласына алапат торнада соққы берді. Қауіпті құйынның екпінінен он шақты үй жермен-жексен болып, көшелерде ағаштар құлаған. Сонымен қатар, электр жүйесі істен шығып, 22 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалды. Дегенмен, қаза тапқандар жоқ. Тек алты адам жараланып, ауруханаға түсті. Ал, «Си-би-эс» телекомпаниясының хабарлауынша, бірнеше отбасы қауіпсіз жерге көшірілді.
Қазір апаттан зардап шеккен аудандарда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Чикагода торнадоның соққысынан 22 мың тұтынушы жарықсыз қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142408/)