АҚШ президенті Джо Байден тәуелсіздік күні – шілденің 4-не дейін ересек америкалықтардың 70 пайызы вакцина алуы қажет деген еді. Алайда, бұл жоспар жүзеге аспауы мүмкін. Бұл елге коронавирустың жылдам жұғатын «дельта штаммы» қауіп төндіріп тұр. Бұған қоса, 18-ден 26 жасқа дейінгілердің бір бөлігі «ковидті» өздеріне қатысы жоқ инфекция санап, оған қарсы екпе салдыруға құлықсыздық танытып отыр.
Қауіпті індеттің «дельта» нұсқасы Үндістанда пайда болып, әлемнің 90-нан астам еліне тарап үлгерді. Сонымен қатар, қазір Үндістанды «дельта плюс» деген вариант алаңдатып отыр. Бұл штамм үш штатта 20-ға жуық адамнан анықталған.
Үндістанда коронавирус жұқтыру оқиғалары осы айда айтарлықтай азайды. Алайда, «дельта плюс» те тез тарайтындықтан мұнда халықты вакциналау науқанын жеделдету өзекті мәселеге айналып отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда коронавирустың «Дельта плюс» варианты тарап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142471/)