Ақтауда 8 жасар бала тоққа түсіп қаза тапты. Қайғылы жағдай кеше түнде болды. Ойын баласы ауладағы шам бағанының ашық-шашық тұрған электр сымдарын ұстап, мерт болған. Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты тергеу амалдарын бастады.
Аймақта тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. Сынықшыға барып уақыт өткізіп алған 9 жастағы жеткіншек оң қолынан айрылды. Қызылсай ауылының тұрғыны велосипедтен құлап, қолын сындырып алған. Ата-анасы емшінің көмегіне жүгінген. Бірақ уақыт өте жеткіншектің қолын кесуге тура келді. Дәрігерлердің айтуынша, ауруы әбден асқынған, тағы 1 апта кешіккенде бала өліп кетуі мүмкін еді.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда 8 жасар бала тоққа түсіп көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142518/)