Алматы маңында болған әуе апатынан жарақат алған ҰҚК екі қызметкері ауруханадан шықты. Бұл туралы №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Сағи Бейсенбеков айтты. Екі әскери қызметкер де толық емдеуден өткен, жағдайлары жақсы. Олар 95 күн ем алған.
Еске сала кетейік, 13 наурыз күні Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында келе жатқан АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Ұшақта болған 4 адам қаза тауып, 2 -еуі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы маңындағы әуе апаты: Жарақат алған 2 әскери қызметкер ауруханадан шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142533/)