Коронавирустың үндістандық «дельта-штаммы» Оңтүстік Африка Республикасына кең тарап жатыр. Елде пандемияның үшінші толқынының шарпуына коронавирустың дәл осы нұсқасы себеп болған.
Жұма күні мұнда оны 18 мыңнан астам адам жұқтырып, 215-і қайтыс болды.
Сонымен қатар, тез жұққыш «дельта» варианты Австралияда, Германияда, Италияда, Португалияда да өршіп, бұл мемлекеттердің үкіметтерін вакциналау науқанын жеделдетуге, шектеу шараларын қайта енгізуге мәжбүрлеп отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Дельта» штаммы Африкаға, Австралия мен Еуропаға тарап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142667/)