Сот-медициналық сараптаманың жүріп жатқанына 2 айдан асты. Іс тергеліп болған соң, оның қорытындылары жарияланады. Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыздың 26-сы күні Елордада 303 бағыттағы автобус жоғары жылдамдықта бағдаршамда тұрған автобусқа барып соқтығысты. Салдарынан 2 адам қайтыс болып, 27 адам ауруханаға жеткізілді. Бүгін Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов осы оқиғаға қатысты алғашқы болжамдарын жариялады.
Мақсат Байболов, ҚР ІІМ Әкімшілік Полиция Комитетінің төрағасы:
Өздеріңіз көргендей видео сюжетте ең алдымен көлік жүргізушісінің кінәсімен жылдамдық режимі сақталмаған. Сондықтан осындай жол апатына апарып соқтырған.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Наурыз айында Нұр-Сұлтан қаласында болған жантүршігерлік автобус апатының басты себебі жақында анықталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/14268/)