Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасын қабылдады. Наталья Годунова президентке былтырғы бюджеттің жұмсалуына қатысты есеп берді. Құжат өткен аптада Парламенттің бірлескен отырысында қабылданған болатын.
Сондай-ақ Наталья Годунова жер ресурстарын басқаруға, арнаулы экономикалық аймақтарға және «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясына» жүргізілген тексерістердің қорытындыларын баяндады.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Есеп комитетінің төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/142813/)